Судағы шам

29.06.2018


Адамзат мұхит пен теңізде бағзы замандардан бері жүзіп жүр. Жердің бір ұшын көрместен, олар ұзақ сапарларға аттанған. Кеме экипаждары құрлықты жоғалтқанда шамшырақтың көмегімен үзілген үміттерін қайта жалғаған.

Тарихтан бірер үзік сыр...


Бұрындары шамшырақтар таудың биік жерлеріне орналастырылған. Ол тербелу, белгі беру дегенді білдіреді. Бұл тақырыпты қозғағанда әлемнің жеті кереметінің біріне айналған Александрия шамшырағын айналып өту мүмкін емес.

Египет айлағындағы  құм қайраңдары мен су асты жартастарынан аман-есен өту үшін Александрия шамшырағы тұрғызылған. Ол 1500 жылға шыдас беріп, ХІҮ ғасырдағы жер сілкінісінде құлаған. Тарихи дерек көздеріне сүйенер болсақ, құрылыстың биіктігі 140 м, ал одан шыққан жарық 60 шақырымды түгелдей қамтыған екен.

Ежелгі гректер мен финикиялықтар мықты теңіз жүзушілері бола тұра, теңіздегі қауіпті өткелдерден өткенде жанып тұрған оттарға қарап бағыт алған. Бірақ, оны ұзақ жолда пайдалану тиімсіз еді. Көптеген кемелер айлақтарға кірерде су асты тастары мен кедергілерге ұшыраған.


Кейде шамшырақты теңіз қарақшылары кемелерді тұзаққа түсіру үшін пайдаланған. Топты жолдан жаңылыстыру үшін жалған нүктелерде от жағып отырған.


1732 жылы Темза өзенінің сағасында заманауи шамшырақ салынған. Ресейде шамшырақтардың салынуы І Петр кезінде қарқынды дамыды.

Жарық қуатының көбеюі


Уақыт өте шөп пен ағаштың орнын көмір, одан соң рапс майы кейінірек керосин басты. Оттың қуаты одан сайын көбейіп, кемелерге көмектесуін жалғастырды.


Шамшырақтың дамуында 1820 жылы Френель линзасының пайда болуы үлкен рөл атқарды. Линза оның белгілі бір бағыттағы жарығының күшін 80 мың шамға дейін жарық қылған. Бүгінде аталмыш линзаларды Париж теңіз мұражайынан көруге болады. Өткен ғасырдың 20-жылдары табиғи жарықтың орнына электр шамдары қолданыла бастады. Френель линзасымен жарық бірнеше мың жарық сәулелеріне дейін ұлғайды.

 

Шамшырақтың түрлері

Олар жағалаудағы және теңіздегі болып екіге бөлінеді.

Айырмашылығы – орналасқан жерлерінде. Теңіз шамшырақтары кемелерде болады. Сондай-ақ, айлаққа апарар жолды көрсетеді.

 

Құрылысы

Олардың құрылысы үшін көптеген қаржы бөлінген. Бүгінде жерсеріктік навигациялар, радиолокациялар шамшырақты біржолата ығыстырды. Мәселен, 1902 жылғы Бостандық монументі кемелердің жолбастары болғанын бірі білсе, енді бірі біле бермейді.

Көптеген «мұнаралар» әлі күнге дейін сақтаулы. Сондай-ақ, ескілік пен романтиканы сүйетіндерді өздеріне еріксіз баулайды. Сәулет туындыларын мемлекет өз бақылауына алған.

 

  •  2572