Йоахим Лёв: «Бұл жағдай мені қатты қапаландырды»

29.06.2018

 

Биылғы Әлем чемпионаты жанкүйерлерін күтпеген тосын-сыйлармен таңқалдыруда. Пенальти соға алмаған Роналду, Хорватияға есе жіберген Аргентина, күні кеше ғана Оңтүстік  Кореядан жеңіліс тапқан Германия.  Бұл нәтижелерді әркім өзінше бағалауда. Ал Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв команданың ойыны мен өзінің болашағы жайлы біраз ақпар берді.

Ол құраманың Швециямен ойыны жөнінде дайындықтың өте жақсы болғанын айтты. Алайда, Австрия мен Сауд Арабиясына қарсы жолдастық кездесуді жоғары бағалаған жоқ.

 

«Біз бір оқпен екі қоянды атамыз деп ойладық. Алайда, Мексика  құрамасынан жеңіліс таптық. Егер біз ойынға басқаша көзқараспен қарағанда, бұлай болмас еді.»                    

 

Марко Роус құраманың тек шабуылдап, алда жүргенін айтты. Қорғаныста тек Сами Хедира болған. Команданың бұл жеңілісі бәрін қайтадан егжей-тегжейлі ойлану керектігін еске салды. Қазір құрама сапында алаңдағы 20 ойыншыдан тек Матиас Гинтер ғана қалды.

 

Мұның себебін бас бапкер түсіндіріп берді. «Ойыншылардың алған жарақаттары мен  шектеулері нәтижесінде біраз өзгеріс енгізуге тура келді. 2014 жылы да осылай болған. Команда соңғы сәтте ғана жиналады. Сондықтан да, басқа ойыншыларды тарту керек.  Бұл ойында Месут Озил ғана емес, басқалары да біз күткендей ойын көрсетпеді. Сол үшін бар жауапкершілікті мен өз мойыныма аламын» деп пікір білдірді.      

Лёв 2006 жылы Юрген Клинсманды 2022 жылға дейін алмастырған. Мамыр айында  ол келісімшартты ұзарту үшін қайта қол қойған. Бірақ енді бас бапкер болашығым жайлы тағы  ойлануым керек дегенді айтып отыр.

 

«Мен ойын үшін өте қатты қапаландым. Оңтүстік Кореяға есе жіберетініміз  үш ұйықтасам түсіме кірген жоқ.  Біз бұл жерден қайтқан соң біраз уақыт демалып, командамен жақсылап сөйлесуіміз керек».

 

Лёв алда көмескі күн келе жатыр деген болжамды жоққа шығарады. Оның сөзінше, қазір футболдың жағдайы жақсы.  «Біз соңғы 10-12 жыл аралығында үздік нәтижелер көрсеттік. 2014 және 2017 жылғы әлем Кубогы мен Конфедерация кубогын қоса алғанда финалдық кезеңдерде бақ сынадық. Біздің өте талантты, жас спортшыларымыз бар. Олар футболдың дамуын ілгерілетеді деп толықтай айта аламын. Мұндай жағдай басқа елдердің де басынан өтті. Бізге бар болғаны дұрыс шешім қабылдау керек» деп сөзін қорытындылады.

  •  2814