Құны 851 000 теңге тұратын душ кабинасының ерекшелігі неде?

26.06.2018

 

Мердад Маджуб колледжде оқып жүріп-ақ,  марс бағдарламасы бойынша Джонсон атындағы  NASA ғарыштық орталығында тағылымдамадан өткен. Дәл сол жерде ғалымдар Марста өмір сүру жолдары секілді үлкен мүмкіндіктерді саралайды. Алайда, аталмыш планетадағы алғашқы тұрғындардың өмірін инфрақұрылымның жоқтығынан Жердегі өмірмен салыстыруға да келмейді.

 

Маджуб Марстағы  шектелген ресурстарды ескере отырып, адамдарға көмектесу мақсатында  NASA үшін талай жаңа мүмкіндіктер жасады. Ғарыш станциясында ешкім душ қабылдамайды. Ғарышкерлер денесін сабынды заттармен ғана сүртеді. Инженерлердің суды қайта өңдеу әдісін ойлап тапқаны  талайды қуантты. Табиғи ресурсқа қол жеткізу мақсатында әркім әртүрлі әдісті қолдануда. Мәселен, америкалықтар  ауыз суды алу үшін өз нәжістерін пайдалануға мәжбүр. Ал, ресейлік ғарышкерлер бұл тәсілден ат-тоңдарын ала қашып отыр.

Халықаралық ғарыш станциясындағы суды қайта өңдеу (тазарту) процесі арнайы фильтрдің көмегімен жүзеге асырылады. Ол кез-келген бактерия мен микробтарды өлтіріп, суды толықтай тазартып шығарады.

 

Маджуб  NASA-дан кетіп, отаны Швецияға оралған соң дәл осы фильтрдің жердегі нұсқасын жасауды ойластырады. Оның құрылымы қарапайым душ кабиналарына қарағанда әлдеқайды аз су жұмсайды. Сонымен қатар, судың қысымы мен температурасын сақтап тұрады. Orbital Systems  компаниясы енді бұл өнімді дүниежүзіне сатуда.

Аталмыш құрылғы суды кәріз жүйесіне жібермей,  5-10 литрді қайта тазартып, сүзгіден өткізеді. Мұнда қарапайым кабиналарға қарағанда 90%  су аз кетеді. Ал статистиканы мобильді қосымша арқылы бақылауға болады. Қазір душ қабылдау кабинасының мұндай түрін орнату 2500 долларды қажет етеді. Алайда Маджуб болашақта қаржы мөлшері 700-1000 долларға дейін төмендейтініне үмітті.

 

  •  1596