Apple осы жолы нарыққа қандай жаңалық әкелмек? WWDS 2018  қорытындылары

07.06.2018

 

Осы аптада Apple-дің жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аталмыш платформадағы құрастырушыларға арналған дүниежүзілік конференциясы болды. Күтілген нәтиже бойынша, жаңа iOS 12 бірқатар жаңартулармен көпшілікке ұсынылды. Бағдарламалық жаңалану Apple Watch сағаттарын да күтіп тұр. Тек ол қолданушыларға сәл кешірек ұсынылады. Сондай-ақ, Mac компьютерлері мен Apple TV де жаңаланды. Сонымен, елді елең еткізген жаңалықтарға
көз жүгіртейік.

iOS 12  бірқатар толықтырылған фото және тағы басқа мүмкіндіктермен көпшілікке ұсынылды. Сонымен қатар, Siri-ге тапсырмаларды орындауға көмектесетін ARKit 2 және жаңа Shortcuts бағдарламалары іске қосылды.

 

IOS 12 шынайы әлемдегі объектілерді өлшеуге мүмкіндік береді. Photos қосымшасы суретте белгіленген адамдардың ұсыныстарымен бөлісетін    болады. CarPlay қосымшасы Google Maps және Waze қосымшаларының қолдауымен жаңаланды. Қолданушылар FaceTime-да бір мезетте 32 адамға дейін сөйлесе алады. Messages қосымшасы стикерлер жиынтығын, Animoji мен Screen Time қосымшаларын біріктірді.

iBooks дизайны қайта жаңартылды. Apple кітаптарының жаңа брендтері iOS 12-де көрсетіледі. Memoji қолданушылардың өздеріне Animoji жасауға мүмкіндік береді. IOS 12-де Android пайдаланушыларына қол жетімді болған хабарламалар жиынтығын топтастыру мүмкіндігі де пайда болды.

  Жаңаланған Apple Watch күзде нарыққа шығарылмақ
Танымал Apple Watch смарт сағаттары watchOS 5 бағдарламасы бойынша жаңаланды. Ол жерде iPhone және iPad-қа арналған фитнес трекинг пен экрандағы уақыт шектеулеріне байланысты бірнеше жаңа функциялар қосылды. Сонымен қатар, Apple Watch-та қолданушылар өзара сөйлесе алатын мүмкіндік пайда болды.

 

Siri ақпараты спорт, карта сияқты мәліметтермен толықтырылды. Жаңа iOS 12-ге тән Shortcuts-тың мүмкіндіктері де сараланды. Енді Siri-ге тапсырма жүктерде «Hey Siri» деп айтудың қажеті жоқ. Бар болғаны қолыңызды көтеріп, сөйлей берсеңіз болғаны.
Хабарламалар да жаңартылды. Қолданушылар оларға жауап қайтарып, смарт экран арқылы сұрыптай алады.

 

Сонымен қатар, Apple компаниясы сағат арқылы кейбір веб-сайттарды көру мүмкіндігін де жасап отыр. Ол жаңа WebKit бағдарламасы арқылы іске аспақ. Компания өкілдері мәлімдегендей, парақшалар сағаттың кішкентай экранына лайықталып жасалатын болады.
Жоғарыда аталған жаңалықтардан бөлек, сағаттан аудио тыңдай алатын Podcasts жаңа қосымшасы жасалған.


              MacOS 10.14 Mojave
2019 жылы құрастырушылар iOS қосымшасын macOS платформасына көшіру мүмкіндігіне ие болмақ. Apple бұл жұмыстарын ОС Mojave нұсқасында таныстырылған News, Stocks, Voice Memos және Home сынды қосымшаларында сынап көрді. Олар iOS қосымшасымен компьютерлік платформаға ауыстырылады. Кросс-платформалық көшіру жұмыстары iOS-ты macOS-қа ауыстыратын UIKit фреймворк элементтерінің өзара байланысы нәтижесінде жүзеге асырылады. MacOS 10.14 Mojave Mac App Store-да жаңа дизайнымен ерекшеленді. Сондай-ақ, бұл жерде бірнеше Microsoft Office 365, Adobe Lightroom CC, Panic Transmit және Bare Bones BBEdit жаңа қосымшалар пайда болды.

     Apple TV 4K үшін dolby atmos дыбыс эффектісі қосылды

 

Apple TV 4K теледидарында көптен күткен Dolby Atmos дыбыс эффектісі мен Dolby Vision видео форматы қосылды.

 

  •  1786