Әлем кереметтері: Қиял мен Шындық

31.05.2018

 

1. Риодағы Иса Мәсіх мүсіні

Иса Мәсіх мүсіні көлемі жағынан АҚШ-тағы Бостандық мүсінінен біршама кіші. Ескерткіштің биіктігі бар болғаны 38 метр болса, Бостандық мүсініне 93 метр тиесілі.

 

2. «Игры престолов» (Тақтар тартысы) түсірілімі. Хорватия, Дубровник

Сүйікті сериалыңыздың түсірілімі болған жерді өз көзіңізбен көру үшін Дубровникке аттансаңыз, ол жерде бір өзіңіздің болмайтындығыңызды біліңіз. Жаз айларында бұл жерде адам саны тіптен көбейе түседі. Сол себепті билік өкілдері тарихи қалаға келушілер санын 1 күнде 4000 адамға дейін шектеуге мәжбүр болған. Сондықтан, ол жерге барудың оңайға түспесі анық.  

 

3. Пирамидалар. Египет

Египеттік пирамидаларды есімізге алғанда, шөл дала, шақырайған күн мен шығыс ертегілері бірден ойға оралады. Бір қарағанда елсіз мекенге ешкім үй салмайтын сияқты. Алайда, пирамидалар Каирдың тура шетінде орналасқан. Кей саяхатшылар бұлай жалғаса берсе, Үлкен Сфинкс дәл тұрғын үйлердің ортасында тұра ма деп қауіптенеді.

 

4. Жердің «шетіндегі» әткеншек. Баньос, Эквадор

Жердегі ерекше әткеншекті суреттен көргенде, демімізді ішімізге тартып, қиялымызға ерік береміз. Аяқ астында кедергі жоқ, түпсіз шыңырауда еріксіз тербелуді кез-келгеннің қалайтыны анық. Шындығына келгенде, жан-жағыңызда төмпешіктер көп. Ал, аттракционның қауіпсіздігіне ешкім де кепілдік бере алмайды.

 

5. Гуэль саябағы, Барселона

Барселонаны таныстырған кез-келген адам сіздің көз алдыңызға ерекше сәулетті үй құрылысын елестетері сөзсіз. Каталонияда болмағандар, оның астанасында тек қана ойыншық тәрізді әсем үйлер бар деген әсерде болады. Шындығында, ондай үйлерді тек Гуэль саябағынан ғана көре аласыздар. Қуанышқа орай, бұл саябақта ондай үйлердің екеуін кездестіруге болады. Көңіл құлазытары, оған кіру үшін 8,5 € төлеп, ұзын сонар кезекті күтуге тура келеді.

 

6. Әйгілі испан баспалдағы. Рим

Әйгілі баспалдақта сүйгеніңізбен қол ұстасып, махаббат сезімін бастан өткергіңіз келе ме? Алайда, мұның сәті түсе қоюы екіталай. Олай дейтініміз, бұл жерден адам қарасы ешқашан үзілген емес.

 

7. Чижик-пыжик, Санкт-Петербург

Санкт-Петербургтегі ескерткіш жұртшылықтың бәрін өлшемімен таңқалдыруда. Туристердің ешқайсы да оны мұншалықты кішкентай деп ойламаған. Бірақ, ол үлкен болса, кез-келгеннің тиыны тұғырға дәл түсіп, бәрінің тілегі бірдей қабыл болар еді.

 

8. Мальдив

Мальдив – жанға рахат сыйлар теңіз бен ашық аспан алаңқайы ғана емес. Сондай-ақ, бұл жерде үлкен қоқыс жиналатын жасанды Тилафуши аралы бар. Бұл жерге туристерден қалған қоқыс қалдықтары әкелінеді. Қоршаған ортаны қорғаушылардың сөзінше, күніне 330 тонна қоқыс тасталынады. 2011 жылы билік өкілдері Тилафушиға қоқыс тастауға тиым салды. Бейресми мәліметтерге сүйсенек, аралдың 1000-ға жуық тұрғыны бар.

 

9. Версаль арт-галереясы. Франция

Өнерді сүйетін Европа жұрты үшін бұл жер – туристердің сүйікті орындарының бірі. Қай уақытта келсеңіз де, ине шаншар жер табу өте қиын. Сондықтан, «Жалғыз өзім тұрып суретке түсем» деген ойыңыздың жүзеге асуы екіталай.

 

10. Стоунхедж, Ұлыбритания

Стоунхедж адам жоқ, құпия мекенде орын тепкен деп ойласаңыз, қателесесіз. Сәулет құрылысы дәл автожолдың бойында тұр. Сол себепті, бұл мекеннен романтика іздеудің мәні жоқ.

 

Сіз бұл жерлерде болдыңыз ба? Қандай әсер қалдырды? Бәлкім, бізбен келіспес тұстарыңыз да бар шығар? Бастысы, саяхаттың тек жақсы жағын көре білген, көңілге түйе білген дұрыс. Жаңа жерге табан тигізудің өзі Сізге берілген үлкен мүмкіндіктің бірі. Әлемнің өзіңізге беймәлім тұстарын ашып, ерекше салт пен мәдениетті үйренген тамаша емес пе? Өмір осынысымен қызық!

 

  •  2876