Қытайлықтар ауа райын қолдан жасамақшы

15.05.2018

 

Қытайлықтар ауа райын да өз бақылауларына алды. Олардың жүзеге асырғалы отырған жаңа жобасы – жасанды жауын деп аталады. Жүйеге  қатты отындар, ұшақтар, артиллерия және Үнді мұхитының кең көлемді аумағын зерттеуге арналған метеорологиялық зондтары кіріктірілген. Басты мақсаты – климаттың өзгеруіне қарсы тұра алатын, қалыптасқан жүйе құру. Сондай-ақ, 10 млрд м³ аумақта ылғал мөлшерін көбейтіп,  жыл сайынғы су мөлшерін қолдануды 7%-ға арттыру.

 

Жоба жайлы мамандар пікірі екіге бөлініп отыр. Бірі технологияның күшіне шек келтірсе, енді бірі халықаралық деңгейдегі шиеленістің тууынан қорқып отыр.

 

Кеңейту және спутниктер

Жаңа жоба Тибет үстіртінде қатты отындарды жағатын мыңдаған камераларды орналастыруды көздеуде. Жану кезінде камералар күміс йодін шығарады. Йодид ауадағы су молекулалары үшін конденсат ретінде жұмыс істейді. Йодид молекулаларының айналасында жиналған су молекулалары қаншалықты ауыр болса, соншалықты қар немесе жаңбыр болып жерге жауады. Бұл процесс «себу» деп аталады.

SCMP (South China Morning Post) басылымы жоба бойынша жұмыс істеп жатқан ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, 500 жану камераларының салынғанын және алғашқы нәтиженің өте жақсы екенін хабарлады. Бір жану камерасының құны 8000 доллар тұрады. Он мыңдаған камера құрылысы аяқталған соң Тибет үстіртінде тұрғызылмақ. Басты мақсат – 1,6 млн км² жерге ылғал мөлшерін көбейту. Бұл әлем бойынша жасанды жаңбыр ойлап табудағы ірі жоба.

Климаттың өзгеруі - Қытайдың осы жобаны жүзеге асыруының басты себебі. SCMP мәліметтері бойынша, климаттық модельдер аталған аймақта жауын-шашынды азайтатын қатты құрғақшылық пен температураның жоғарылауын болжап отыр. Бұл Қытай мен оның көршілеріне қатер төндіреді. Өйткені Тибет жағалауы аймақтағы судың маңызды көзі.

Климат бақыланып отырады

Қытай талай жылдан бері тұщы суды жинау мен тарату жолын да қарастырып жатыр. 2016 жылы «Көктегі өзен» жобасы ұсынылды. Оның басты мақсаты – тұщы суды қолдану арқылы Қытайдың солтүстіктегі құрғақ аймақтарын сумен қамтамасыз ету болды.

Ауа-райын басқаруды Қытайдың ірі қалаларындағы ластану деңгейінің жоғарылауымен күрестің бір тәсілі деп есептесе де болады.

Аспан асты елі ауа-райын бақылауда ұстауға байланысты жоба жасап жатқан жалғыз мемлекет. 2016 жылы 56 елде осы тектес бағдарламалар болса, 2011 жылы мұндай бағдарлама тек 42 мемлекетте болған.

Аталмыш жобаның идеясы соғыс уақытында Вьетнамда ойлап табылған. Қарсыластары жүріп өткенге қиын болу үшін муссондық маусымда жауын-шашынды көбейту үшін «Попай» операциясын ұйымдастырған.

 

Мамандар пікірі

Биліктегілер жобаны әлі мақұлдаған жоқ. Алайда, бұл бастама Қытайдың бірқатар аудандары мен көрші мемлекеттерді алаңдатып отыр. Жасанды жолмен Тибет жазығында ылғалды көбейту басқа аймақтарда жауын-шашынды азайтуға әкеп соғуы мүмкін.

Тибет Брахмапутра, Меконг және Янцзы өзендерін сумен қамтамасыз етіп отырған Азияның су мұнарасы. Бір ғана географиялық аумақтағы жауын-шашынның артуы өзге өңірлердегі ылғалдың төмендеуіне әсер ете ме? Бұл сұрақ әлі күнге дейін жауапсыз қалып отыр.

Қытай ғылым академиясындағы Тибет үстіртін зерттеу институтының ғалымы Ма Вэйцян аталмыш жобаны бұрын-сонды болмаған эксперимент деп атады. Сондай-ақ, жану камераларының ауа-райын өзгертуге әсер ететіндігіне де күмән келтірді. «Климаттық жүйе өте үлкен. Оған деген адамдардың кез-келген әрекеті әлсіз болуы мүмкін»,- дейді Ма Вэйцян.

Кей сарапшылар жобаның болашағы зор дегенді айтады.

Вайоминг университетінің атмосфера ғылымдарының профессоры Барт Гиртс: «тіпті, 10% қар мен жаңбырдың өзі шығынның орнын толтырады» дегенді айтып отыр.

 

  •  1775