Кездейсоқ ашылған өнертабыстар

05.05.2018

 

Мүлдем басқа бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде үлкен ашылулар да болған. Басқа нәрсені бақылаймын деген ғалымдардың өздері ойламаған жерден бізге беймәлім өнертабыстардың авторына айналды.  

 

Қысқатолқынды пеш

Қысқатолқынды пештің кездейсоқ ойлап табылғаны таңқаларлық дүние екені рас. Инженер-өнертапқыш Перси Спенсердің жаңалығы жұрт аузында әлі күнге дейін аңыз боп жүр. Ақпарат көздерінің мәліметінше, жұмыс істеп тұрған магентронның қасынан өтіп бара жатып, Спенсор қалтасындағы кәмпитінің еріп жатқанын сезген. Енді бір деректер бойынша, ол магнетронда бутерброд жылытқан. Қалай болғанда да, оған дейін микротолқынды сәулелерді тамақ пісіруге қолдану ешкімнің ойына келмеген.

Спенсер жаңалығын 1940 жылы Raytheon компаниясында жұмыс істеп жүргенде ашты. Бұл өнертабысы оның танымалдылығын одан әрі арттырды. Қысқа толқынды пешке патент 1946 жылы берілді. Ал 1947 жылы Radarange деген атпен алғашқы пеш сатылымға шықты. Алайда олар өте үлкен еді. Ұзындығы адам бойымен бірдей, салмағы 300 кг болып, қазіргі пештерден айырмашылығы едәуір көп болды. Бағалары да қалтаға қатты ұрды. Бір қысқа толқынды пешті алу үшін 3 000$ төлеуіңіз қажет болатын. Тек 1960 жылы ғана бағасы мен өлшемдері өзгерді.

Тефлон

Өзге өнертабыстар сияқты тефлон да кездейсоқ ашылған жаңалықтарға жатады. Оны 1938 жылы 6 сәуірде доктор Рой Дж.Планкетт ашты. Ол сол кезде Нью-Джерси штатындағы ДюПонт лабораторияларының бірінде фреондардың құрылымын зерттеп жүрген. Бір күні ол тетрафторэтиленді өте қатты қысымда суытты. Соның нәтижесінде құрылымы қызық балауыз тәріздес ақ ұнтақ пайда болды. Екі жылдан соң жаңа материал дайындалды. Ол әлемге «тефлон» деген атпен таралды.

Velcro бекіткіші

Идея авторы швейцариялық инженер Жорж де Местраль. Ол жаңалығын 1941 жылы ашып, 1955 жылы өз атына меншіктейді. Местраль итімен серуендеп келген соң, оның жүніндегі шөптерді тазалауды әдетке айналдырған.

Бір күні ол сол өсімдіктердің бастарын микроскоппен мұқият қарап, зерттейді. Соның нәтижесінде өте ұсақ ілмектерді көреді. Солардың көмегімен өсімдіктің бастары иттің жүніне жабысып қалатынын анықтайды. Дәл осы сәтте Местральдың ойына жапсырғыш-бекіткіштер жасау туралы идея келеді. Оны жүзеге асыру үшін бір жыл уақыт кетеді. Ақырында, өнертапқыш бекіткіштерді нейлоннан жасау дұрыс деген шешімге келеді. 1955 жылы Местраль өнертабысын патенттеп алады. Алғашқы жапсырғыш-бекіткіштерді ғарышкерлер, сүңгуірлер және таушаңғышылары қолданды. Уақыт өте келе бұл бұйым халық арасында кең тарап, аяқ киім мен киімнің бір бөлшегі ретінде қалыптасады.
 

Хинин

Хинин – ащы дәмі бар, ыстықты түсіріп, ауруды басатын қасиетке ие хин ағашының негізгі қабығы. Оны ұзақ уақыт бойы безгек ауруын емдеуде пайдаланып келді. Бүгінде аталмыш ауруды емдеуге басқа препараттар қолданылады. Алайда, олар хин қабығының орын алмастыра алмады. Өсімдікті алғаш рет 1633 жылы Европаға алып келді. Ал пайдалы қасиеті жайлы 1639 жылдан айтыла бастады. Аңыз бойынша, хининнің пайдалы екендігін безгек ауруымен ауырған адам айтты делінген. Ол ауруынан айығу үшін орманға келіп, хинин ағашының түбіндегі суын ішкен. Судың дәмі ащылау болған. Алайда, ол суды ішкен сайын, жағдайы жақсара түскен. Дертінен айығып, үйіне қайтқан соң, хининнің пайдалылығын бәріне айтқан деседі.

 

Қантты алмастырушы

1879 жылы Константин Фальберг Джонс Хопкинс университетіндегі профессор Айра Ремсеннің жетекшілігінде жұмыс істейді. Олар битум туындыларын зерттейді. Жұмыс барысында орто-сульфобензой қышқылы немесе орто-сульфобензимид қышқылы дейтін тәтті зат бөлініп шығады. Фалберг оған «сахарин» деген атау береді. Ол 1879 жылы Айра Ремсенмен неміс тілді журналға ғылыми жаңалықтары жайлы мақалалары жарияланады. Ағылшын тіліндегі кеңейтілген мақаласы 1880 жылы жарық көреді. 1884 жылы Фальберг жаңалығын патенттеп, Германияда сахарин өндіруді ұйымдастырады.

 

Кардиостимулятор

Уилсон Грейтбатч қораптан дұрыс детальді шығармай қателік жасайды. Осылайша миллиондаған жандардың өмірін құтқарып қалған құрылғы пайда болған. 1956 жылы Грейтбатч Буффало университетінде жануарлардың  жүрек соғысын жазатын құрылығыны жасау бойынша жұмыс істеп жүрген. Ол қораптан басқа өлшемдегі резисторды алып шығып, тоққа қосады. Сол кезде адамның жүрегінің дүрсілінен аумайтын дыбысты естиді. Бүгінде жарты миллионға жуық кардиостимулятор имплантацияланады.

 

Вулканизация резинасы

Вулканизация тәсілін американдық Чарльз Гудьир (1800-1860) ойлап тапқан. Ол 1830 жылдан бастап, ыстық пен суықта икемді және берік материал жасауды қолға алған. Ол резеңке шайырын қышқылмен өңдеп, магнезияда қайнатып, түрлі заттар қосады. Алайда, оның бәрі ыстық күнде сұйықтыққа айналып кетіп отырған. Бұл өнертабысты ол кездейсоқ ашты. 1839 жылы Массачусетс каучук фабрикасында жұмыс істеп жүріп, ыстық пластинадағы күкіртпен араласқан резеңкеден жасалған түйіршікті төгіп алады. Ол ерудің орнына бірігіп, қатая түседі. Алғашқы потентінде ол резинаны мыс нитраты мен арақтың қатынасы арқылы алуды ойлайды. Кейіннен өнертапқыш күкірт пен қорғасын қосылған кезде резинаның температураға төзімді болып келетінін анықтады.  Талай тәжірибеден кейін Гудьир вулканизацияның оптималды шешімін ойлап тапты: ол резеңке, күкірт және қорғасын ұнтағын араластырып, қоспаны белгілі бір температураға дейін қыздырды. Соның  нәтижесінде күн сәулесінің немесе суықтың әсерінен қасиетін өзгертпеген резеңке пайда болды.

Жүгері қоспалары

Жүгері қоспалары өз бастауын сонау ХІХ ғасырдан алады. Мичиган штатындағы «Батл-Крик» санаторийінің иелері дәрігер Келлог пен інісі Вилл Кит Келлог жүгері ұнынан тамақ дайындайды. Бірақ оларға пансионттағы шаруаларға байланысты сәл кідіріс жасау керек болады. Қайтып келгенде олар ұнның аздап бұзылғанын байқайды. Соған қарамастан, олар қамыр жасауға кіріседі. Бірақ қамыр кеуіп, ұсақ қоспалар пайда болады. Ағайындылар бұл қоспаларды қуырып көреді. Олардың бірі үрленіп, енді бірі қытырлақ болып шығады. Соның нәтижесінде қоспалар дәрігер Келлонгтың науқастарына жаңа тағам ретінде ұсынылады. Вилл Кит Келлог жүгері қоспалрына қант қосып, оның дәмін тіптен кіргізеді. 1894 жылы америкалық дәрігер Джон Харви Келлог ресми түрде өнімді патенттейді. 1906 жылы ағайынды Келлогтер жаңа өнім түрін өндіруді бастап, өздерінің жеке компанияларының негізін қалайды.

 

Рентген аппараты

Рентгенографиялық зерттеулер 1885 жылдан басталады. Дәл сол кезде Рентген радиацияның арнайы спектрден әсер етуі кезінде пайда болған фотосурет тақтайшаларының қараңғы көрінісін алғаш рет жазған болатын.

Сонымен қатар, ғалымдар фотографиялық табаққа адам денесінің кез-келген қаңқа бөлігі қалады деп тапты. Бұл анықтама медицинада визуалды әдіске негіз болды. Бұған дейін адам ағзасындағы ішкі органдар мен тіндерді зерттеу мүмкін болмады. 1894 жылы Рентген шыны вакуумдық түтіктердегі электр разрядын зерттеп эксперименталды жұмыстармен айналысты. 1895 жылы, 8 қарашада ол катодты сәулелердің қасиеттерін зерттеді. Күн батып, үй ішін жинастырып, жарықты өшірді. Сонда ол катодты түтікшенің орнында орналасқан синероидтық барийдің экранының жарқырағанын көрді. Электронды жарық оны жарқырата алмайды. Катодтық түтік картонмен жабық тұрды. Бірақ жарықтың сөнбегені қызық болды. Ол түтікті өшіріп еді – жарық та сөнді. Алайда картон қабы да, ауаның метрлік қатпары да сәулеленуге кедергі бола алмады. Бұл құбылыс ғалымды қызықтырмай қоймады. Ол сәулеленуді түрлі денелермен және материалдар арқылы тексере бастады. Біреуі өткізсе, енді бірі өткізбеді. Яғни, кей денелер сәулелерді толық көрсетсе, енді бірі тек жекелей көрсетті. Рентген бұл сәулелерді Х-сәулелер деп атады. Бұдан кейін 50 күн ғалым осы сәулелерді зерттеумен айналысты. Ол өзінің қолын сәуленің астына қойып, қаңқасын көрді. Білектің жұмсақ тіндері сәулені жақсы өткізді. Ал, керісінше, сүйек құрылымдары металл сияқты сәулелерді өткізбеді.

Бұл да кездейсоқ ашылған өнертабыс па екені  белгісіз.

  •  2438