Адамзатты жасанды интеллектің жарылысы күтіп тұр

26.04.2018

 

Ақылды машиналар адамның алдын орап, кәсіби тұрғыдан басып озуда. Әр апта сайын адам сияқты сурет сала алатын, медициналық диагноз қоятын компьютерлік бағдарламалардың барын естіп жатамыз. Адамға жасанды интеллектен қауіптену керек пе? Әлде...

 

Соңғы жылдары «жасанды интеллект» тақырыбы өте өзекті. Мұны ғалымдар нейрондық жүйенің тез қарқында дамуымен байланыстыруда.

Ресейлік шахмат бағдарламасының авторларының бірі, машиналық оқыту әдістемесінің маманы Сергей Марковтың сөзінше, 2010 жылы көпқабатты нейрондарды қолдану үздік нәтижелерге алып келді. Осының әсерінен аталмыш салаға көптеген ғалымдар, инженерлер мен инвесторлар қызығушылықтарын таныта бастады.

Ғалымдар ақылды машиналардың пайда болу уақыты жайлы бір бітімге келе алмауда. Алайда, технологияның дамуы қоғамға, экономика  мен адамдардың қарым-қатынасына әсер етуі жайлы ойлары бір жерден шығып жатыр. Қазірден-ақ жасанды интеллектің адам үшін қауіпсіз бағытта екенін растайтын этикалық ұстанымның құрастырылуы жайлы үндеу тасталуда.

 

Экономика мен еңбек нарығына әсері

 

Ғылыми фантастика мен Голливуд Матрица, Терминатор сынды кейіпкерлер арқылы планетадағы жасанды интеллектің образын жасап көрді.

Ғалымдар мен мамандардың сөзінше, жасанды интеллектің соңғы жылдардағы жетістіктерін ескерсек те, ақылды машиналардың пайда болуы үшін әлі талай уақыт керек. Алайда, кейбір дүниелерге қазірден бастап назар аудара бастағанымыздың дұрыс екенін айтады.

«McKinsey Global Institute» зерттеу орталығының бағалауынша, жаңа технологиялар алдағы он жылда 50 трлн долларды үнемдеп,  еңбек нарығына айтарлықтай өзгеріс әкелмек.

Өзгерістер миллиондаған жұмыс орындарына әсер етуі мүмкін. Адамдар қызметтік тапсырмалары мен міндеттерін машиналарға сілтейді. Оның ішіне шығармашылық жұмыстар да кіреді.

Адам жасанды интеллектің жүйесін дамытқанша, өзің жеке тұлға ретінде тезірек дамыту керек. Бұл – адамзаттың алдыңда тұрған басты міндет.

«Яндекстің» технологияларды тарату бөлімінің директоры Григорий Бакунов

Алайда, автоматтандыру салдарынан білікті мамандар зардап шегуі мүмкін. Қазірден бастап, оларды қорғау мен жаңа өмірге дайындау жайлы ойланған абзал.

Тәжірибе көрсеткендей тек жұмысшы табынан бөлек, ақ жағалылар да зардап шегуі мүмкін. Goldman Sachs 600 трейдерден тұратын топты екі адамға алмастырған. Сондай-ақ, қызмет қызмет көрсету бағдарламасына да өзгерістер енгізді.

Көптеген тапсырмалар адамның орынын басатындай роботтандырылған жүйеге көшеді

 

Жасанды интеллект процестің автоматтандырылуы емес. Алайда, оның дамуы көптеген тапсырмаларға компьютерлік бағдарламалардың күші жететіндей жағдайға әкелуде.

 

Жасанды интеллект даралық па?

 

Роботтандыру жүйесін даралық ретінде қарастыра аламыз ба? Ақылды компьютер дауыс бере ала ма? Оның жынысы қандай? Европарламенттің депутаттары адамдар мен ақылды машиналар арасындағы қарым-қатынасты талқылау үстінде. Осыған байланысты олардың көкейінде: «болашақта роботтарға «электрондық тұлға» деген атау беру дұрыс па?» деген сұрақ қалыптасты.

Foresight Institute  бағдарламасының координаторы Дютман атап өткендей, адамдар өз құқықтарын өздеріне түсініксіз жандармен еріксіз бөлісетін болады. Демек, бұл – жасанды интеллектің адами фактор ретінде қалыптасуына қарсыласады дегенді білдіреді.

Адам мен машинаны бөлетін жалғыз нәрсе – ойлау қабілеті

 

Адамдардың құқықтарын бөлуде олардың нәсілі, жынысы мен түр-тұлғасы ұзақ уақыт күрделі мәселе ретінде саналып келді. Осыған қарап,  ақылды машиналарға да адамдар өздерімен тең құқық береді деп айта алмаймыз.

Этикалық мәселемен қатар, заң жағынан да бірқатар келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Мәселен, пилотсыз автомобиль апатқа ұшырар болса, жауапкершілікті кім алады? немесе «ақылды» медициналық құрылғы істен шықса кім жауап бермек? Сондай-ақ, осы жерде моральдық сұрақтар да туындайды. Адамның үкімінсіз пилоттыз қару шығаруды дамыту қаншалықты дұрыс?

Келесі сұрақ планета тұрғындарын тіптен алаңдатып отыр. Нағыз ақылды машина, суперинтеллект теориялық тұрғыда адамзатқа не істей алады?

 

Жасанды интеллекті этикаға үйрету

 

Жасанды интеллекттің дамуы саласының мамандары жақын 20-30 жыл ішінде болмаса да, күндердің күнінде адамзат ақылды машиналармен бәрі-бір бетпе-бет келеді.

Бастысы, жасанды инетеллект ойлау қабілетіне ие болады.

Сондай-ақ, жаңа технологиялардың этикалық мәселелерімен байланысты тақырыптарды көптеген институттар зерттеуде. Солардың бірқатарын тізіп өтсек: Future of Life Institute (Болашақ өмір институты), Foresight Institute, Future of Humanity Institute пен OpenAI және тағы басқалары.

 

Нейрондық желі дегеніміз не? Олардың болашағы қандай?

 

Нейрондық желі дегеніміз – жасанды интеллекті зерттеудің бір бағыты. Ол адам миындағы биологиялық процестерді модельдеуге негізделген.

Дәл соның арқасында біз жаңа технологияның дыбыс және сурет арқылы тану, медициналық диагноз қою, мәтін аудару сияқты қызметтеріне куә болып отырмыз.

Мамандардың көбі жасанды интеллектің дамуын нейрондық желінің алға жылжуымен байланыстырады

 

Бүгінде ғалымдар нейрондық желінің машиналық оқытудағы ең үздік алгоритмнің бірі екенін мойындап отыр. Ал олардың шешімдері айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуде.

Заманауи нейрондық желі тышқанның миына қарағанда 1500 есе жеңіл құрылған.

Сергей Марков: «Әзірге біз құрастырған нейрондық желі адам миының нейрондық желісімен салыстырғанда үлкен емес. Сондай-ақ, олар табиғи нейрондық желінің қысқартылған аналогын көрсетеді. Сол себепті, біз қазір нейрондық желінің көмегімен қолданбалы тапсырмаларды шешудеміз»

Құрастырушылар желідегі нейрондардың санының артуымен қатар, желінің құрылысы жайлы да талқылады. Қазір есептеудің жылдамдығын бірнеше есеге арттыратын арнайы процессорлар жасалуда. Құрастырушылар желідегі нейрондардың санын көбейтіп қана қоймай, құрастыру жұмыстарына өзгерістер енгізуде.

Түймедей ғана сенсор адамды қауіптерден алдын-ала сақтандыра алады

 

Бізді жақын арада не күтіп тұр?

 

Лондон Университетінің колледждегі профессоры Ник Лейн болжамына сәйкес, адамды көп «ақылды заттар» қоршайды. Олар шағын әрі өте әсерлі болмақ.

Профессор қызық мысал келтірді. Сенсор бұрын егер керегенің артында біреудің келгенін ғана сезген болса, болашақта ол нақты кім келді, келген адам өзін-өзі қалай ұстап тұр, өзіyе және айналасындағыларға қауіп төндіре  ме дегендердің бәрін нақты білетін болады.

Профессормен «Яндекс» қызметкері Грегорий Бакунов та кездесті. «Жақын арада біздерді шағын жасанды интеллектің «жарылысы» күтіп тұр. Ол қарапайым тапсырманы шешуде көмектесуі мүмкін. Алайда, олар оны адамнан да жақсырақ шешетін болады».

Жасанды интеллектің дамуымен қатар бірнеше этикалық мәселелер де туындауда

 

Мәселен, дауысты тану жүйесі кейбір дыбыстық команданы немесе мекен-жайды адамнан артық таниды.

«Біздің өркениет дамуының ең ықтимал жолы – адам мен машинаның синтезделуі: киім, автомобиль, мобильді телефон, кардиостимулятор, имплантат – біздің құралдарымыздың күн өткен сайын дамуы, тәніміздің жалғасы іспетті. Ертең-ақ машиналар адаман ойша тапсырмалар ала алады. Визуалды образ түрінде қабылдай алады, ақпаратты тікелей миға жеткізеді. Мұндай жобалар технологиясы дамыған лабораторияларда қазірдің өзінде жүзеге асуда»,- дейді Сергей Марков.

 

Журналистер әлі де керек пе?

 

Өткен жылы Financial Times басылымы үлкен тәуекелді қажет ететін тәжірибе жасады. Ол бір уақытта өзінің меншікті тілшісі мен Эмма есімді ақылды бағдарламаны қатар отырғызып, оларға мәтін жазуға тапсырма береді. Екі жұмысты оқыған редактор, қай заметканы кімнің жазғанын анықтауға тиіс болды.

Меншікті тілші: «Бағдарлама тапсырманы менен тезірек жасайды деп ойлаймын. Алайда, не болса да мен мұны одан әлдеқайда жақсырақ етіп орындаймын»,-деді.

Солай болды да. Эмма шынында да жүйрік боп шықты. Ол Британидағы жұмыссыздық деңгейі жөніндегі статика негізіндегі тексті 12 минутта жазып шықса, журналиске 35 минут қажет болды. Ол өзі соңында мойындағандай, Эмма оның күткенінен асып түсті. Бағдарлама деректерді қолданумен қатар, оларды жаңалық ретінде контекстке қоя білді.

Роботтандырылған жүйе адамдардың орнын баса ала ма? «Адамдардың қосымша әлі 50 жыл уақыты бар», - деп мамандар халықты тыныштандырды

 

Алайда, Эмманың да мүлт кеткен тұстары болды. «Оның мақаласы дөрекілеу жазылған. Сондай-ақ, онда цифр өте көп болды»,- дейді басылымның редакторы. Шын мәнісінде, біз маңызды цифрларды таңдап алуға тырысып отырмыз.

Эмма- Stealth стартабының өнімі. Эмманың кәдімгі тірі көмекшілер тобы да бар.

 

Шыңдығында жасанды интеллектен қорқу керек пе?

 

Мамандардың бәрі болмаса да, біразы жасанды интеллектің адам орнын толықтай басатын кезі әлі алыс дегенді айтады. Өйткені, ол әлі соншалықты деңгейде ақылды емес. Бүгінгі күні оған жетіспейтін басты дүние – ойлау қабілеті.

«Қазір жасанды интеллектен қорқудың қажеті жоқ. Әзірге қандай да бір өзгерістер орын алғанша, 30-40 жыл күтуге болады»,- дейді Бакунов.

Алайда кей нәрселер орын алып та жатыр. Машина мен адам жасаған тапсырмалар мен жұмыстардың арасындағы шекара бұзылуда. Мамандар анықтағандай, қазір жүйенің ішінде адам отырғандығын әлде машина отырғандығын түсіну қиындап кетті.

 

Адам тәуелді болуы мүмкін бе?

 

«Терминаторда суреттелген кейбір қорқынышты дүниелер шыңдыққа айналуы әбден мүмкін. Адамның деңгейіне жеткен жасанды интеллект адамзатты жоюы мүмкін» деген пікірді ұстанады философ Ник Бостром.

Фильмде көрсетілгендер өміріміздің шынайы тұсына айнала ма?

 

Жасанды интеллект алтын балық тәрізді

 

Жасанды интеллект саласының маманы, Сассекса университетінің когнитивті ғылымдарының профессоры Маргарет Боден ақылды машиналарға күмәнмен қарайды.

1997 жылы мамыр айында Deep Blue II компьютері алғаш рет Гарри Каспаровты матчта жеңді

 

Профессор балықшыдан бостандық сұраған «Алтын балық» ертегісінен мысал келтірді. Балықшының бірінші тілегі – ұлының соғыстан қайтуы, екінші тілегі – 50 мың доллар және соңғысы – таңертең тағы бір тілек айтуға мүмкіндігінің болуы еді.

Дәл сол күні кешке балықшының үйінің есігі қағылды. Ұлы соғыстан табытпен оралды. 50 мың долларға сақтандыру алды.

«Бұл мысалды жасанды интеллектке айналдырар болсақ, бәрі түсінікті болады»,-дейді Боден. Айтқандай, балықшы ертеңгі күні үшінші мүмкіндігін пайдаланып, алғашқы екі тілегінің күшін жояды.

 

Сананың машинаға ауысуы мүмкін бе?

 

Сергей Марков: «Егер сананың толығымен ауысу мүмкіндігі жайлы айтар болсақ, Blue brain сынды болашақтың жобаларын алуға болады. Бұл мидың электрондық көшіремесін жасауға бағытталған. Сондай-ақ, машина миының интерфейстерін жасайтын жоба да бар. Яғни, көру қабілеті, есту қабілеті жоғалған, тіпті миының кейбір бөлігі істемейтін жандарға арналған.

Жасанды интеллект саласы мамандарының басты мақсаты – ауқымды тапсырмаларды орындай алатын «күшті жасанды интеллект» ойлап шығару

 

Өте қызықты әрі болашағы бар бағыттың бірі – оптогенетика. «Мен жеке меншік жобалар аясында кең ауқымды инженерлік тапсырмалар шешілгенде ғана сананы көшіруге әбден болады деп ойлаймын. Қазірдің өзінде-ақ көп адам аталмыш жобаның жүзеге асуы үшін гипотетикалық схемаларды ұсынуда»,-дейді Марков.

Мәселен, Ян Корчмарюк сананы ауыстыру жолындағы зерттеуінде нейрондарды адамның миына енгізу кезінде арнайы нанороботтарды қолдану керек дегенді айтады. Қысқасы, үлкен нәтижеге жету үшін бірқатар инженерлік мәселелерді шешіп алған дұрыс.

  •  3729