Apple компаниясы iPhone өндірісін тоқтатты

05.04.2018

Наурыз айында iPhone 8 Plus моделін өндіретін қытайлық фабрика өз жұмысын тоқтатты. Бұған компанияның сертификатталмаған компоненттерді қолданғаны себеп болған.

 

Өндірістің тоқтауы

Өндірістің тоқтауы салдарынан Wistorn фабрикасының акциясы тайвань биржасында 5%-ға құлдыраған. Commercial Times-тың хабарлауынша басшылық Apple-дің сеніміне қайта кіру үшін жоғары және орта санаттағы бірнеше мененджерлерді жазалаған. Олардың басты кінәсі сәйкес емес компоненттерді дұрыс пайдалана алмаған. PhoneArena баспасының болжамы бойынша бұл жағдай екіжақты келісімнің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Өйткені Apple компонеттердің сапасына өте мұқият қарайды.

Wistorn фабриканың қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын айта келіп, өндірістің тоқтағанын жоққа шығаруда. Сондай-ақ, басты клиенті Apple-дің қандай да бір әрекетіне пікір айтудан бас тартып отыр.

 

Wistorn ісінің жағдайы

iPhone 8 Plus-тың басты өндірушісі Faxsonn фабрикасы. Олар аталмыш модельдің 80%  құрылғыларын шығарады. Осылайша, Wistron-ға өте көп үлес тимейді. Алайда, аталмыш фабрика Iphone-ның осы моделін шығару бойынша екінші өндіруші.

Digitimes-тың хабарлауынша соңғы 2-3 жыл Wistorn үшін оңайға соққан жоқ. Компанияның 2017 жылғы кірісі $28,59 млрд болған. Жылдық өсім 26,7%-ды құрады. Таза кіріс 31,22%-ға өскен. Жылдық қорытынды бойынша жалпы пайда 3,78%-ды құрап, 1,02%-ға төмендеген. Маржа операциялық кірісі 0,2%-дан 0,71%-ға дейін құлдыраған.

Алайда, жақында фабрика төрағасы Саймон Лин (Simon Lin) 2018 жылы жоғары рентабельді өнімнің шығуына байланысты компанияның жағдайы жақсарады деп мәлімдеме жасады. Digitimes-тың  хабарлауынша нарық сарапшылары Лин iPhone-ға деген тапсырысты меңзеді дегенді айтады. Wistorn бір уақытта Индиядағы жаңа фабриканың құрылысына рұқсат алған. Болжам бойынша ол да iPhone өндірісіне арналмақшы.

iPhone 8 мәселесі

2017 жылдың қыркүйегінде таныстырылған iPhone 8-дің бірнеше техникалық ақаулары бар болып шықты. Халыққа ұсынылған соң екі аптадан кейін ондаған қолданушылардан шағым түсе бастайды. Оған себеп телефонмен әңгіме кезінде желіде кедергі келтіретін дыбыстар шығып, динамикада ақау пайда болған.

Сондай-ақ, сатылымнан бірнеше күн өткен соң Тайванда iPhone 8 Plus қуатталып тұрған жерінде жарылғаны жайлы ақпарат тіркелді. Оқыс оқиға телефонның иесі алтын түстес, 64ГБ смартфонды сатып алғаннан кейін 3-күні болды. Жарылған телефонның қуаты 70% болған. Сондай-ақ, телефон өзінің түпнұсқа қуаттағышымен қуатталған. Смартфон иесінің сөзінше, iPhone-ның жарылу уақыты 3 минутқа дейін созылған. Жарылыстың қатты болғаны сонша телефонның дисплейі корпустық қабаттан жұлынып кеткен.

 

iPhone 8 бен iPhone 8 Plus-тың жалпы мінездемесі

iPhone 8 бен  iPhone 8 Plus шыны корпуспен қапталған. Алайда 2014 жылы шыққан iPhone 6 және iPhone 7 дизайнынан еш ерекшеленбейді.

iPhone 8 экранының диагоналі 4,7 дюм (Retina HD, IPS, 1334×750 пиксель), iPhone 8 Plus-те 5,5 дюмдық экран орнатылған (Retina HD, IPS, 1920×1080 пиксель). Сәйкесінше, барлық аппараттардың салмағы 148 г және 200 г.

iPhone 8-дің негізгі камерасы 5 краттық оптикалық зум мен ƒ/1.8 оптикалық 12 МП. iPhone 8 Plus-тің камерасы дәл iPhone X-тікі секілді екі еселенген. Алайда, объективі көлденең орналасқан. Екі смартфон да секундына 60 кадр түсіре алады. Екеуінде де сымсыз қуаттағыш құрал бар.

  •  1947