×

Ақша туралы қызықты мәліметтер

21.01.2018

 

Сіз ақша туралы не білесіз? Бұл дүкеннен керек дүниеңді сатып алуға болатын қағаз деп ойлауыңыз мүмкін. Ақшаның көптеген құпиялары бар екенін білесіз бе? Адамзат тарихында ақшаның түрлері  өте көп болды және барлық бірлік өзінше ерекше болатын. Банкноттардың бар құпиясы мен ерекшеліктерін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен ақша туралы біршама қызықты мәліметтер тізімін ұсынамыз.

акша

  1. Айырбастау ең алғаш Египетте осыдан 4500 жыл бұрын пайда болған;

  2. Ежелгі адамдар ақша ретінде түрлі заттарды пайдаланған. Олар: тұз, какао дәндері, сиырлар, акуланың тістері және бағалы тастар;

  3. Ең алғаш монета туралы ұғымды қалыптастырған Лидияның патшасы Крез болған;

  4. Әлемдегі ең майда тиынның салмағы 0,002 г болған (Непалда);

  5. Ең ауыр тиын Швециядан және оның салмағы 43 фунт болған (19,5 кг);

  6. Ақша банкноттары жарық түскен жағдайда белгілі бір бейнені көрсететін арнайы қағаздан жасалған;

акша4
 

  1. Жасанды ақша жасауға жол бермеу үшін қағаздың құрамына арнайы жіп араластырады;

  2. Әлемдегі ең кіші банкнот Мароккода жасалған;

  3. Ең бірінші европалық  қор биржасы Антверпенде ашылған (Бельгия, 1531жыл);

  4. Әлемде 138 қор биржасы бар;

  5. Әлемдегі ең бай төрт мемлекет – Бахрейн, Бруней, Кувейт, Катар. Бұл мемлекеттерде кіріс жоғары болғандықтан, салық атаулысы мүлдем жоқ;

  6. Дүниедегі ақшаның басым бөлігі білім мен денсаулық сақтауға емес, қару жараққа жұмсалады;

  7. Әлемдегі ең үлкен инфляция 1946 жылдың мамырында Венгрияда болған. Алайда 2011 жылы бірінші орынға Беларусь мемлекеті жайғасқан;

  8. Әлем халқының тең жартысы дүниежүзілік байлықтың  тек 5 %-ын ғана алып отыр;

монета

  1. Көптеген елдерде орталық банк жекеменшік банктердің жұмысын бақылап отырады;

  2. Ең алқашқы банктердің көп бөлігі зергерлердің арқасында құрылған. Себебі оларда алтын сақтайтын сейфтер бар болатын. Адамдар өз ақшаларын сейфте сақтау үшін зергерлерге ақы төлейтін болған;