×

Бермуд үшбұрышы туралы не білесіз?

21.01.2018

 

Бермуд үшбұрышының құпиясы – кенеттен жоғалған тағдырлардың құпиясы. Осы «құпияны» ашу үшін әлем ғалымдары бар күштерін салуда. Бүгінде Бермуд үшбұрышы – жер бетіндегі ең аномалиялық мекен болып табылады. Өйткені адамдар мен ұшақтар, алып кемелер мен жолаушылар із-түссіз жоғалып жатыр. Тіпті апаттың ізі де қалмайды. Кейде аталмыш мекенді басқа уақыт кеңістігінің қақпасы деп те атайды. Болып жатқан оқиғаларды  әзірге осы пікірмен ғана түсіндіруге болады.

SAVE_20180121_111910

Бермуд үшбұрышы Атлант мұхитының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.  Осы аймаққа жақындаған жандардың жоғалып кетуі қоғамды қатты алаңдата бастады.  Әсіресе, өткен ғасырдың орта тұсында мұндай оқиғалар жиілеп кетеді.  Бұл жерде жүзге жуық жоғалу оқиғалары болғанын замауи тарих өкілдері алға тартады. Бұл – ауа райы жағдайы қатал, су мен ауасы белсенді аудан. Сондықтан, күн ашық кезде де радардан  жоғалып кеткен объектіні бірден байқауға болады. 1945 жылғы  әскери эскадрилияның жоғалуы әлем назарын еріксіз аударды. Бес «Эвенджер» типті, кәсіби экипажды бомбалаушылар тобы ауа райы жайлы, тыныш теңіздің үстінен ұшып бара жатқанда жоғалып кетеді. Пилоттар радиохабарлағыштан навигаторлық құрылғылардың дұрыс істемей жатқандығы туралы хабар берген. Олар : « Біз батыс қайда екенін білмейміз. Қолымыздан ештеңе келер емес. Қызық... Біз бағытты анықтай алмай отырмыз. Тіпті мұхитта күндегіден басқаша!..» деген екен. Навигаторлық  құрылғылар түгелімен істен шыққан соң, пилоттар бір жарым сағат бойы жерді батыстан, тағы бір сағат бойы шығыстан іздеумен болған. Алайда таба алмаған. Америка штаты түгелімен жоғалып кеткендей боп көрінген. Ал экипаж жерді көргенде, оны тани алмаған. Сондықтан қонбауды ұйғарған екен. Пилоттардың: «Біз ақ түсті суға кіріп барамыз. Ештеңе дұрыс көрінбейді. Біз қайда екенімізді білмейміз. Су ақ емес жасыл...» деген соңғы сөздері әлі күнге дейін қызу пікірталастар тудыруда.

Жоғалған бес ұшақ пен олардың қалдықтарын іздеу жұмыстары қатаң жүргізілді. Бір қызығы, оларды іздеу барысында «Мартин Маринер» гидро ұшағы да жоғалып кетеді. Кейіннен көпшілік адамдар бұл ұшақ түрлерінің аса сенімді болмағанын, пилоттар тәжірибенің аздығынан бақылауды жоғалтып алғандығын немесе жанармайдың төгіліп, ұшақтың аспанда өздігінен жанып кеткендігін алға тартқан. Алайда бес ұшақтың бір мезетте өздігінен жанып кетуі мүмкін емес. Біреуі апатқа ұшыраған жағдайда хабар беру де қиын емес.

1963 жылы 130 метрлік  Marine Sulphur  Queen жүк кемесі із-түссіз жоғалып кетеді. Кемеден апат туралы ешқандай сигнал да келмеген, қалдықтары да қалмаған. Кеменің жоғалған уақыттағы нақты орны белгісіз. Алайда оның алған бағыты бойынша Marine Sulphur  Queen кемесі Бермуд үшбұрышында жоғалған деуге негіз бар. Бұл аномалиялық аймақта болған және болып жатқан апаттар нәтижесінде Бермуд ұшбұрышы туралы түрлі жалған сенсациялар қаптап кеткен. Дегенмен адамдар неліктен осы ауданда бағытынан шатасып,  түрлі құрылғылардың жұмыс жасамай қалу себебін түсіндіретін тұжырымдар жасалған. Бұл теориялар Бермуд үшбұрышының құпиясын түсіндіруге тырысады:

  • кенеттен орын алатын апаттардың бірден-бір себебі –  адамды адастыратын 30 метрлік алып толқындар;

  • мұхит адамдарды үрейлендіріп, экипажды «паникаға» түсіретін инфрадыбысты толқындар шығара алады. Соның әсерінен адамдар қорқып, борттан секіріп кетеді;

  • мұхитта метанға толы газ көпіршіктері пайда болады. Сондай көпіршіктің ішіне түскен ұшақ пен кеме ауа немесе судың тығызды өте төмен болғандықтан су түбіне еріксіз құлайды;

  • Бермуд үшбұрышындағы ауа райын бірден құбылтып жіберетін Гольфстримнің ең күшті жылы ағысының әсерінен;

  • су астындғы Бермуд үшбұрышының рельефтік ерекшеліктері батып кеткен кеме мен ұшақ қалдықтарын табуға мүмкіндік бермейді;

  • кеңістіктің қисаюы мен магнитті тұман;