Үйде отырып, мұхиттың ар жағынан тегін сабақ ал

20.01.2018

 

IT саласына деген қызуғышылық күннен-күнге артып жатыр. Аталмыш саланың дамуы адамзат баласына көптеген мүмкіндіктер сыйлауда. Соның бірі технологияның дамуын білім саласында ұтымды пайдалану. Біз сіздерге ғаламтор арқылы шетелдік үздік университеттері ұсынған тегін курстардың тізімін ұсынып отырмыз.

 

Барлығымыз үшін жылдың ең үздік жаңалығы болған MIT ашық курстары болғаны сөзсіз. Бұл жобаның ішінен әлемнің ең үздік университетінің бірінен тегін курс ала аласыз. Сондай-ақ, бұл тек бір сала ғана емес, түрлі сала бойыша, бірнеше сағаттан сабақ алуыңызға мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтар болсақ, дәстүрлі бағдарламалау тілдерінен бөлек, алгоритмдерге кіріспе, лазер мен оптиканы зерттеу, бейнежазбаларды және сандық ғасырда авторлық құқық туралы заңдар жайлы біліміңізді тереңдетуге жағдай жасалған. Бұл сіз үшін тек өзіңіздің біліміңізді IT саласында ғана емес, ағылшын тілінде де сөйлеу қабілетіңізді дамытуға көмек береді.

University of Michigan`s courses. Университетте “Python” оқу бойынша курстар бар. Сонымен қатар,  бағдарламалау бойынша бірқатар курстар қарастырылған. Мичиган университетінің теориялық курстарының қатарында - «Интернеттің тарихы, технологиясы және қауіпсіздігі» мен «Mindware: ақпараттық дәуірдегі сын тұрғысынан ойлау» сынды арнайы оқыту пәндері де енгізілген. MIT курстарынан басты айырмашылық – курстардың ақылы түрде өтуі. Алайда, кейбір материалдар қолжетімді. Курс аяқталғанда сізге сертификат берілмейді. Дегенмен де, өз біліміңізді біршама жоғарлатасыз.

Джон Хопкинс университетінің курстары. Аталмыш университеттің онлайн-курстарын әзірлеушілер деректерді зерттеуге арналған бағдарламалар жинағын дайындаумен айналысады. Coursera-дегі бағдарламаларды зерттеп, өзіңіз үшін деректерді талдау және статистикалық талдау бойынша курстардың бірін таңдауға болады. Бұдан басқа, биоинформатика мен геномикаға арналған бағдарламалар бар.

  •  188