Аралардың өз ұясын тастап кетуіне себеп?

21.01.2018

 

Адамдардың өмір сүруі бал арасына тікелей қатысты дегенді естіп көрдіңіз бе? Өйткені, біз сол аралар бөлген дәрумендердің қуаты арқылы тіршілік етудеміз. Сол арқылы ұрпақ жалғастырамыз, сол арқылы көбейеміз. Адам мен араның ұқсастығы да бар екен. Өз ұясын, перзенттерін тастап кететін безбүйрек аналар мен тасбауыр әкелер сияқты ара да өз ұясын тастайды. Неге? Себебін бірге білейік.

 

1. Ара тек бір айға жуық өмір сүреді

Аралар бал жинау кезеңінде өте көп еңбектенеді. Өздерін аямайды деуге де болады. Сондықтан болар, олардың өмірі тым қысқа: 45 күн. Егер ара ешқайда ұшпай қыстайтын болса, онда жарты жылдай өмір сүруі мүмкін. Ол да бал жинау кезеңінің басталған (қазанның басы) шағынан аяқталғанға (наурыз айы) дейін  болатын үдеріс.

2. Әрбір аралардың отбасысының балы ерекше болады

Әр ұяшықта барлаушы аралар өмір сүреді. Күн жылына салып, барлаушы аралар жағдайды бақылап келу үшін сыртқа ұшып кетіп, тозаң жинайтын арнайы жерді таңдап келеді екен. Содан кейін жұмысшы аралар таңдалған мекенге барып, сенімді аралардың айтуымен жүріп, гүл тозаңдарын жинайды. Әр аралар отбасысының қызығушылығы әртүрлі. Біреулеріне қою қоңыр түсті ағаштар, енді біреуіне жемісті ағаштар қажет. Осының нәтижесінде, бал арасының жәшігі бір жерде орналасқанымен, әр ұяшықта әртүрлі бал жиналады.

3. Бір күнде бал арасы 60 км бағындырады

Аралар тозаңды өз ұяшығынан 2-3 км радиус алыс жинайды. Өзіне керегін тапқан соң, үйіне қайта оралады. Еңбекқор аралар күніне дәл осылай 10 рет ұяшығынан ұшып шығып, қайта оралады.

4. Ара шаруашылығындағы азықтың барлығы пайдалы. Тіпті, араның өзі де...

Бұл өндірістегі бал өндірушілердің ассортиментінде тек бал ғана емес екендігі белгілі. Балдан басқа тозаңдар, прополис, ара сүті мен балауызы тағы бар. Бұл тізімнің қатарына араның өзін де қосуға болады. Арнайы кептірілген аралар ісікке қарсы, ағза иммунитетін көтеретін, қан қысымын ретке келтіріп, зат алмасуды жақсартып, жүрек пен бүйректің жұмысын жақсартатын қасиетке ие екен. Кепкен арадан түрлі жақпа майлар, дәрі-дәрмек пен тұнбалар дайындалады. Ара жәшіктері орналасқан аумақтың ауасы болады. Араның дыбысы мен иісіне дейін адам денсаулығына пайдалы. Емдік әсері жоғары болуы үшін аралар орналасқан аймақта арнайы лашықтар соғылған жерлер де бар. Сондай лашықтарда, ем алу мақсатында, бірнеше сағат демалсаңыз жетіп жатыр. Бұл әдіс теңіз жағалауындағы курорттардан да пайдалырақ болады.

5. Ұяшықтар да үлкен отбасысымен бірге өмір сүретін аналық аралардың саны басым болады   

Аталық аралардың отбасыда атқаратын қызметі жоқтың қасы. Аталық аралар үлкен әрі көп азық талап ететіндіктен, қыс түскенде оның пайдасынан зияны көп. Күн суыта бастағанда, өз еріктерімен кетпесе, оларды өздері қуып жібереді. Сонымен қатар, аралар өзі ұшып өткен жолдың траекториясын өте жақсы біледі.

Өздерінің қысқа ғана ғұмырында отбасы мен үйіне адал болып өтеді. Алайда, өз еріктерімен ұяшықтарын тесіп, ұшып кететін кездері болады. Оның себептері:

  • Отбасысы тарылып, орын азая бастайды;

  • Аналық ара ауруға шалдыққанда;

  • Аналық ара қартайып, өз қызметтерін орындауға жарамсыз болып қалған кезде;

  • Жұмыс таусылып, жинайтын тозаң қалмағандықтан;

Ара баптаушылар өте мұқият болса, олардың ұшып кетуінің алдын алуға болады.

 

 

  •  4412