×

Әлемдегі ең әдемі сарқырамалар.

20.01.2018

 

Сарқырамалар – көздің жауын алатын, таңдандырып, бір мезетте адам бойына қорқыныш сезімін сыйлайтын табиғаттың ғажап құбылысы. Бұл, расымен де, табиғаттың ұлы күшінің нәтижесінде пайда болған сұлулық. Назарларыңызға адами әрекеттердің араласуынсыз жаратылған, планетамыздағы ең әдемі әрі қайталанбас сарқырамалардың тізімін ұсынамыз.

  1. Кайетур сарқырамасы

Аса танымал емес экзотикалық бұл сарқыраманың биікті 221 метрді құраса, ені 100 метрге дейін жетіп қалады. Үнемі тұманды бұлт қоршап тұратын бұл сарқыраманың суының шуы өте қатты. Бұл әлемдегі ең әдемі, сонымен қатар, адам бойына ерекше үрей сылайтын ең мистикалық сарқыраманың бірі.

  1. Анголадағы Каландула сарқырамасы

Каландула туралы сөз қозғалса болды, бірден оның сандық сипаттамасына назар аударамыз. Биікті 104 метрді құрайтын Каландуланың ені (судың ағуна байланысты) 400-600 метр болып келеді. Анголаның бұл қазынасы – Африканың, Викториядан кейінгі, ең үлкен сарқырамасы. Бұл мекен талай соғыстың куәсі болған.  Бұрынғы полтугалиялық колония ұзақ уақыт азаматтық соғысты бастан кешірген. Ал, бүгінде осы елді-мекенді туристер көптеп келетін аймақ қылу үшін еңбектенуде. Каландула – туристер үшін таптырмас демалыс орны.

3. Гокак сарқырамалары

Үндістанның Карнатака штаты – таңғажайып сарқырамалар ордасы және Оңтүстік Азиядағы ең үздік сарқырамалар облысы болып саналатын да осы жер. Суы қоңырқай түсті болып келетін Гокак та осында орналасқан. Сарқыраманың пропорциясы құрметке лайықты - биітігі 50 м, ені 177 м. Гидроэлектрлік қойманың салынуы су ағысын кішкене азайтып тастаған болатын. Дегенмен, муссондық мезгілде сарқырама өз дегенін жасап, судың көлемі тағы да арта түседі.

     4.  Исландиядағы Скогафосс сарқырамасы

Исландия да нағыз сарқырамалардың отаны болып саналады. Мұндағы әлем назарын ерекше аудартатын Скогафосс сарқырамасы бар. Ені 25 метр болатын, 60 метр биіктіктен ағып жатқан бұл сарқыраманы әлемдегі ең түзуі деуге болады. Судың ағуына ешқандай жартас пен тау қыраттары кедергі келтірмейтін сарқырама - Исландия табиғатының жәдігері.

     5. Тис Иссат сарқырамалары

Әдетте, Эфиопия туралы айтыла қалса, бірден ойға кофе дәндері оралады. Алайда Эфиопия табиғаттың ерекше құбылыстарын тамашалауға арналған ең қауіпсіз мекендердің бірі екенін көпшілігі біле бермейді. Солардың бірі - Иссат сарқырамасы. Ол әлемдегі ең ұзын өзен - Нілде орналасқан.  Құрғау маусымында мұндағы су да гидроэлектрлік бөгеннің әсерінен кеуіп кетеді. Ал, егер жаңбырлы маусымда келетін болсаңыз, 37-45 метр биіктіктен ағатын 400 метрлік ені бар сарқыраманы көру мүмкіндігі бар.

       6. Монтморенси  сарқырамасы

АҚШ пен Канаданың ұқсас тұстары көп. Солардың бірі - екі мемлекет те фантастикалық сарқырамалардың отаны. Монтморенси - Канададағы, Ниагарадан кейінгі, ең үздік сарқырама (биіктігі 84 м, ені 46 м). Сарқыраманың таңғажайып ағыстары Квебектегі Монтморенк өзенінде орналасқан. Канадалықтар арнайы саябақ салу арқылы туристерге барлық қолайлы жағдайды жасап қойған. Саябақта көпірлер мен судың үстінен жүріп өтетін аспалы жолдар бар.

     7. Ниагара сарқырамасы. Канада және АҚШ

Аталмыш сарқырама - осы тізімдегі ең ерекше сарқырама. Ниагараны ғаламшарымыздағы ең әйгілі сарқырама деуге болады. Биіктігі 53 метрді құрайтын бұл сарқырама АҚШ пен Канаданы бөліп жатқан шекара ретінде қарастырылады. Екі мемлекеттен де қарағанда ерекше көрністерді көруге болады. Әсіресе,  қыс қатты болған кездегі мұз бейнесі әлемге әйгілі.

    8. Исландиядағы Деттифосс сарқырамасы

Енінің өлшемі 100 м, биіктігі 44 метр болатын Европадағы ең күшті сарқырама.  Жаз басталғанда Исландияның барлық мұзы бір мезетте ери бастайды. Сол кезеңдегі сарқыраманың ағысы адамды есінен тандырады.

    9. Виктория сарқырамасы

Виктория -  жер бетіндегі тоқтаусыз ағып жатқан ең үлкен сарқырама (ені 1700 м, биіктігі 104 м). Оның жергілікті атауы Mosi-OA-Tunya. “Шулап жатқан түтін” деген мағынаны білдіреді. Виктория Зимбабве мен Забия арасындағы шекараның бір бөлігі болып табылады.

      10. Игуасу сарқырамасы. Аргентина және Бразилия

Игуасу сарқырамасы - барлық сарқырамалардың анасы. Аргентина мен Бразиялияның шекарасы болып табылатын тізіміміздегі тағы бір сарқырама. Бірнеше сарқырамалар бірігіп жатқандықтан, Игуасуды - сериялы сарқырама деуге болады. Олардың әрқайсысының биіктігі 64-тен 84 метрге дейін жетеді.