×

Медитацияның адам ағзасына пайдасы

20.01.2018

Бүгін батыста көпшілік сөз ететін басты тақырыпқа “медитицая” практикасы айналған. Мұғалімдер мен оқушылр, студенттермен офистік клерктер медитация туралы әңгімелейді. АҚШ-та 60-шы жылдары шығыс философиясына қайта оралу және шығыстың діни тәжірибесіне назар бөлуге бет бұра бастаған болатын. Нәтижесінде бүгінде медитация, йога басқа да шығыс практикаларымен айналысатын адамдар саны, орталықтар мен кітаптар көптеп пайда бола бастаы. Жылдан-жылға бұл тенденция енді қазақ аудиториясына еніп келеді. Бүгінде бір Алматы қаласы бойынша 50 медитация  орталығы орналасқан.

Батыста бұл практиканы соғыс жылдарынан кейінгі қалыптасқан ауыр жағдайдан, протестанттық этика және капитализм рухынан қашып құтылу амалдарының бірі ретінде қолданған болатын. Ол кезеңде “медитация” терминінің көп жағдайда эзотерикамен, діни, рухани мысалмен көп байланыстырып келген болатын. Алайда, уақыт өте келе көпшілік түсінігінде  медитация-тек руханилық белгісі ретінде ғана емес, онымен қоса адам ішіндегі “қалыптарды” құрастыруға және өзіндік тану мәселесін сақтаушы құндылық ретінде қабылдайна бастады.

 

 Қазақ аудиториясына қайта айналып келетін болсақ, бұл практика бізде қолдануға лайықты ма? Және қазақтарда медитация болған ба? Деректерге көз жүгіртсек, медитация осыдан мыңдаған жылдар бұрын қалыптасқан болатын. Батыс дәстүрінде  мысал ретінде: исихазм бола алса, қазақтарда оны қазақ философиясынан таба аламыз. Оның ішінде, “Қорқыт ата” туралы аңыздағы Қорқыттың су жағасына келіп, қобызбен күй тартқандағы басқа әлем тыныштығы мен үнсіздігі- Қорқыттың медитациялық жағдайда, яғни өзің-өзі іздеу, түсіну процесінде болғанын көрсетеді. Ал медитацияның адамға пайдасына көз жүгіртейік:

 

1. Сара Лазар басшылығымен Гарвард Университетінің ғалымдары медитацияның ми жасушаларын қайта қалпына келтіретінің дәлелдеген болатын. Алғашқы топ күніне 27 минут көлемінде медитацияға көңіл бөлетін болған. Екіншісі- ешқандай іс-әрекет жасамайтын. Зерттеу соңында МРТ суреттері жасалған кезде екінші топтағы адамдарда ешқандай өзгешілік байқалмаған, ал бірінші топта:

  • - ми жасушалары қалпына келе бастаған;

  • - ми сұр заты көбейген;

  • - мидың стресске қатысты реакциясын бәсендеткен;

  • - назарды және есте сақтауды жақсартқан.

2. Иммунитетті жақсартады. Барлық ауру ең алдымен адам басында пайда болады. Ал ісік, қаңт диабеті т.с.с ауралардың көп жағдайда стресстік жағдайда көп болу нәтижесінде де пайда болатыны дәлелденген. Медитация кезіңде болса, адам дұрыс ауа жұту және шығару нәтижесінде дұрыс циркуляцияны рететсе, онымен қоса, ағзасындағы барлық стресстік ойларды ұмытады.

3. Аз ұйықтап, аз шаршауға жәрдем береді. Медитациямен айналысқан соң өзіңіздің ішіңіздегі жаңа энергия салаларының ашылғанын сезіне бастайсыз және ұйқыға бұрынғыдан аз уақыт жұмсайсыз. Бұл өмір сүру дағдысына да, деңсаулыққа да, сіздің саналы өмір сүруіңізге де көп көмегің тигізеді, демек медитация ол жақсы ма? Әрине жақсы. Медитация сізді тек рухани жағынан ғана емес, физиологиялық және өмірлік түсінік жағынан байытатын бірден-бір тиімді практика екенін ұмыстпаңыз.