×

Жасөспірімдер қарсылығы. Психологтар мен нейробиологтар не дейді?

20.01.2018

          Ата-аналардың психологқа жүгінетін ең көп тараған себептерінің бірі баланың тәртіпсіздігімен байланысты. Әсіресе, бұл мәселе жасөспірімдердің ата-аналарында жиі көтеріледі. Жаңа заман талаптарына сай бүгіндегі жасөспірімдірге көбірек еркіндік қажет екенін түсінгенмен, жауапкершілік туралы не айтамыз?

  Жасөспірімдер үшін ересектердің ескертпелері қатаң қабылданады, алайда оның астарында қарапайым ата-ана мейірімі мен қателіктен сақтап қалуға талпынысты көп жағдайда олар түсінбей жатады. Мұғалімдер мен ата-аналар үшін бұл өмірде расында да жасау керек жақсы істерге жасөспірімдер қарсылық танытанын түсінбейді: жақсы оқу, болашақ мамандығын ойлау, басқаларға құрметпен қарау.

Психология тұрғысынан, мұндай жаста баланың өз еркіндігі үшін күрес шағы екен жəне бұл уақытта жасөспірімдер ересектерден гөрі достарының пікірің жоғары бағалайтындығымен түсіндіріледі және сондықтан кез-келген әсер етуші басқа механизмдерден кері шегінеді. Бірақ сіздің талаптарыңызды мойындамайтын бүлікшілерді тəртіпке қалай шақырамыз? Психолог Шерил Сомерстің айтуынша:

жаза, яғни кез келген тəртіпке келтіруге негізделген акт бала тəжірибесінде азаппен байланысты , өйткені ол билікті көрсету және бақылауды енгізу: ата-аналар баланы жазалайды, қатаң талаптар қояды.

Ондайда бала көзқарасы ескерілмейді. Бұдан кейін, жасөспірім санасында тəртіп орнатушы рөлі- ата -анада бодғандықтан, сəйкесінше, сен үшін кез келген мəселені біреу шешіп беретін болса, онда жауапкершілік алудың керегі қаншалықты керек? Барлық тəртіпті, бақылауды жүргізетін адам бар, сəйкесінше кезекті іс-əрекетке де жауаптылық сол адам мойнында деген образ қалыптасады.

Сондай-ақ, тыйым салу, үйге қамау, дауыс көтеру -жасөспірім санасы үшін “шок терапиясы» құралдары.

Олар тез әрекет етеді, бірақ ұзақ мерзімді әсер ету үшін мүлдем пайдасыз. Бала бұл жағдайда қателік жасамау- конфликтті шиеліністі немесе жазалаудан тезірек құтылуды ойлайды. Ол өте тиімсіз жəне балаңыздың психикасын бұзуға апаратын жолдардың ең қысқасы. Жазаның тікелей қателікке тиесілі болмауы да жасөспірім санасын бұзады.  Жасөспірім інісінің мазасын алатын болса, ата-ана оның телефонынан  айырады: мұндайда, жасөспірім біз ойлағандай “өз ісі туралы ойлануға” мұмкіндік алмайды, оның санасында түсініксіз ойлар, қорқыныш, тіпті ыза сезімі болады. Психологтің айтуы бойынша: кез келген жазадан гөрі, сол кері істің дұрыс еместігің түсіну əлде қайда екі жаққа да пайдалырақ болады.


Бұндайда жасөспірімге жауапкершілікті мойнына ала білуді үйрету керек. Яғни, кез келген іс үшін жауап беруге, жазалануға емес, жауап тартуға міндетті екенін түсіндіру керек. Ол үшін отбасы мүшелері арасында тең дəрежеде істерді бөлу, əркімнің өз жасына, күшіне қарай жұмысқа жауапты етуді бала кезден үйрету. Жасөспірім өміріндегі дəл осындай отбасылық түсініктер жəне қатынастар маңызды. Аптасына бір күнді арнайы отбасы күніне арнауға, бауырлар арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін ортақ киноға бару, бірге демалысқа бару, ойын-сауық түрлерің ойлап табу- ең ұтымды айла.

Ал, енді бұл мəселе бойынша нейробтологтар не дейді? Эмоционалдық реакцияға жауапты лимбиялық құрылымдар 11-14 жасқа келгенде өте жақсы дамиды. Бұл жасөспірімдердің эмоцияға тез берілуін, басқалардың сезімдерің, сөздерің өз түсінігінде қабылдауға, иррационалды шешімдерді қабылдауға, тез ашулануға жəне “қауіпті мінез-құлыққа” бет бұруына əкеледі.

Өте қайғылы статистика: қауіпті мінез-құлық жасөспірімдер өлімінің шамамен 70% құрайды.

Жəне бұл жағдай 18 жасқа дейін сақталып, 18 жаста адам миындағы эмоциялық жəне рационалды ойлау бөлімдері тең келеді. Оған дейінгі жасөспірімдерге тиесілі: жұлқыну, қоқанлоқылық таныту сияқты мінездер, өзің-өзі ұстаудағы қиындық байқалады. Ал, адам есейген сайын миы себеп-салдарлық қарым-қатынас жасау арқылы әдеттегідей жақсы жұмыс істейді: егер мен одан да көп жұмыс істесем, сыйақы аламын, т.с.с. Психологтар бұл процесті когнитивті қасиеттерді қоршаған орта талаптарына бейімдеу қабілеті деп атайды, бизнесмендер - экономикалық тиімділікті талдау арқылы, ал біз қарапайым салыстырмалы талдау арқылы нені істеу керек, ал неден бас тарту керектігін шеше аламыз.Сонда жасөспірімдердің күрделі қарым-қатынасымен жəне эмоционалдығымен  келісу ғана қалады ма? Ащы шындық: жасөсіспірімнің түні бойы үйге келмеуі, телефон тұтқасын көтермеуі сізді қатты ренжітіп, аландататынын түсінуі екі талай. Дегенмен, бәрі қарапайым фактіні ұмытады: балалар тек біздің мысалмен ғана, соған еліктеп өмір сүреді...