×

Балаңызға тіл оқытудан үздік ұстаз табу үшін...

20.01.2018

                                   Бүгінде нарық заманында барлық адам өмірің құрайтын  салаларда жеке таңдау жасауға, іріктеуге және өзіңізге  максималды түрде қолайлы жағдай жасауға барлық мүмкіндік бар. Ондай болса, конкуренция заманында үздіктердің үздігі ғана алға шықса, балаңызға сапалы білім беретін саналы ұстаз табу - сіздің ата-ана ретінде балаңызға жасаған ең бір жақсы көмегіңіз болмақ.

Ал, біз сізге балаңызға тілдер үйретуден жақсы білім бере алатын “үздік мұғалім” қасиеттерің ұсынамыз:

Ұстаздың жеке методикасының болуы. Көп жағдайда тілді оқу көп жылға созылып кететін, баланың да, ата-ананың да ең жаман түсіне айналып кететін іс болатынын білеміз. Ондайда сіздің қаражатыңызды және балаңыздың уақытың тек жақсы оқу әдісі және қалыпты, жүйелі программасы бар ұстаз ғана құтқара алады. Әдетте, жүйелі түрде тілге бет бұру ол тілді не бәрі 5-6 айда, сіздің ана тіліңізге жақын тілді 3-4 айда, ал араб тілі сияқты қиын тілдерді 8-12 айда үйренуге көмектеседі. Сол себепті, жақсы мұғалімді оның оқыту әдісі бойынша іздейміз. Ал: “Әзірге осы. Кейінірек, тағы толықтырамыз…”, “Көре жатармыз…” тағы басқа сөздерден бастаған ұстаздан сол минутта қашу керек.

Баланы қанаттандыратын ұстаз. Жеке практика көрсеткендей, ұстаздың балаға мотивация беруі- ата-ана, туғандар, достар және жеке мотивтерден әлде қайда ұтымды тұратын мотивация. Ондайда, балаңызға ұстаздың сенімінің жоғары екені, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатынын көрген бала жұмысты екі есе сапалы орындайды.

Жақсы ұстаздың басты артықшылығы: тілдерді оқуға келгенде тілге икемі бар және икемі жоқ, еңбекқор және басқа категорияларға бөлмеуі.

Жақсы ұстаз- тәжірибесі бар ұстаз. Иә, қанша жерден қарапайым болғанымен ол шындық. Осыдан 2-3 жыл бұрын жоғарғы оқу орнын бітіріп, жұмыс істеп жүрген ұстаздан гөрі, 20-30 жылдық тәжірибесі бар ұстаз сіздің балаңызға әлде қайда көп дүние үйретуі мүмкін. Онымен қоса, ондай тәжірибесі бар ұстаз өте жақсы психолог. Сәйкесінше, балаңызбен тіл табысуы жақсы жүреді. Ал, бұл оқу процсіндегі ең бастысы: ұстаз бен шәкірті арасындағы түсіністіктің болуына әкеледі.

көп сөйлейтін, яғни аспандағы айға жеткізуге уәде беретін ұстаздардан аулақ болыңыз. Ондайда олар тек сөзбен сізге уақытша “гарантия” береді және не бәрі 3 айда тілде сөйлеп кететін балаңызды сізге алып келу үшін өте шашыраңқы және қалыпсыз сабақ өткізумен айналысады.

Және соңғысы, тіл курстарына келгенде балаңыздан қаражатты аямауды ұмытпаңыз. Айына алпыс мың теңге алатын ұстазға барып, нәтижесінде 6 айда тілде еркін сөйлеп, өзінің уақыт сынды құнды ресурсың және психикасың үнемдеген балаңыз, уақытың зая құртып, ақшаны профессионал емес ұстазға жұмсап, нәтижесінде бастапқы деңгейде қалған балаңыздан әлде қайда жақсы болады.