Нағыз романтикалық спорт түрі

20.01.2018

 

Әлемде талай қызық бар. Осыған дейін көзін үлкейтіп, мұрнын кішірейткендер қазір ешкімді таңқалдыра алмайды. Оның орнына  шөп бетінде ойналатын хоккей ойыны көпшіліктің таңданысын туғызған. Бүгінде бізге таңсық көрінген дүниенің бәрі Европадан басталған. Олай болса, сіз бен біз білмейтін тағы қандай европалық спорт ойындары бар екен? Бірге білейік.

 

1. Ірімшікпен жарыс ойындары. Англияның  бұл дәстүрлі ойынының ресми атауы - Куперхильдиялық ірімшікпен жарыс ойындары. Алғашында ойынға тек қана Броквос ауылының тұрғындары қызғушылық танытса, бүгінде бұл ойын күллі Ұлыбританияның сүйікті ойынына айналып отыр. Ойынның алдында барлық қатысушылар Купер жартасының басына шығып, дыбыстық белгіні күтеді. Осы жартастан үлкен ірімшікті төмен қарай жібереді. Ойыншылардың міндеті - мәре сызығын бірінші болып кесіп, ірімшікті қуып жету. Жеңіске жеткен ойыншы өзі қуған ірімшікті алады екен. Айтпақшы, аталмыш жарыс барысында ойыншылар өте көп жарақат алғандықтан, жартастың бөктерінде құтқарушылар мен бір топ дәрігерлер күтіп тұрады. Ойын қағидасына сай, ірімшіктің салмағы 8 фунт болуы шарт (3,5 кг). Алайда, соңғы уақыттағы турнирлерде 5-18 кг ірімшіктер ойнатылып жүр.

2. Спорттық сауна жарысы. Бұл ойынның екінші атауы - монша спорты. Ойыншылардың басты міндеті - шектен тыс қыздырылған саунада барынша ұзағырақ отыру. Ерлер үшін температура 100-110 градусқа дейін көтерілсе, әйелдер үшін 90-100 градус аралығында болады. Әр жарты минут сайын ойыншылардың үстіне 500 мл судан құйып отырады. Бұл ойынның да өзіндік қатал ережелері бар. Мысалы, көзді жұмып, басты төмен қаратуға, т.б. әрекеттер жасауға қатаң тиым салынады. Аталмыш спорт түрі Финляндияда кең тараған және жыл сайын осы елде әлем чемпионаты өтеді.

3. Жұмыртқа күресі. Англияның орталық графтықтарында онйалатын танымал британдық ойындардың бірі. Ойынның тарихы 1332 жылы су тасқынының нәтижесінде пайда болған. Тасқыннан соң шіркеу мен ауылдың арасында өзен пайда болады. Сол кезде екі жақтағы тұрғындар бір-біріне жұмыртқа лақтыратын болған. Қазіргі таңда бұл ойынның төрт ережесі бар: дәлдікке және алысқа лақтыру, қасықтағы жұмыртқа мен орыс рулеткасы. Ең сабырлы деген ағылшындықтың бұл ойында күлмей тұруы мүмкін емес. Себебі ойынға тек піспеген жұмыртқалар пайдаланылады және оларды ойыншының басына ұрып жарады. 2006 жылдан бастап АҚШ пен Ұлыбританияда аталмыш спорт түрінен әлем чемпионаты өткен.

4. Жасанды шөп шапқышпен жарыс. Аты айтып тұрғандай, қатысушылар кішігірім трактор түріндегі  бақшадағы жасанды шөп шапқышпен жарысады. Сырт көзге қызықты көрінгенімен, сайыс өте атақты болып саналады. Әсіресе, бұл сайысты халық көшеге жиналып, белгілі бір мерекені тойлап жатқан кезде ұйымдастырады. Ойыншылардың көптеп жарақат алуына байланысты халықтың сынына ұшыраса да, АҚШ, Австралия мен Ұлыбританияда ресми спорт түрі ретінде тіркелген. Аталмыш спорт түрінен соңғы рекодты 2015 жылы Норвегияда орнатқан. Пекка Лундефарет сағатына 133,57 миль жүретін машинаны басып озды.

5. Ягле гурес. “Майлы күрес” деп аталатын бұл ойын түрік халқының ұлттық ойыны. Сайыс қатысушылардың үстіне зәйтүн майын құйғаннан соң ғана басталады. Майлы әрі жылтыр денелі қарсыласыңды құлатпақ түгілі, қысып ұстау да қиынға соғады. Ең бірінші болып арқасымен құлаған адам жеңіліс табады. Түріктер XIV ғасырдан бері ягле гурес бойынша матч өткізіп келе жатқандықтан, ежелгі ойынның бірі деуге толық негіз бар.

6. Сүйген жарыңды тасу. Финдердің ұлттық көңіл көтеруі өзіндік ережесі мен қағидасы бар ұлттық спорт деңгейіне жетті. Ойынға 253 метр қашықтықты бағындыру үшін отбасылық жұптар шақырылады. Әйел адамдарға оңай деп ойлап отырған боларсыз? Мүлдем олай еме. Өйткені сонша қашықтық бойына олардың басы төмен қарап тұруы керек. Егер әйел 49 кг-нан жеңіл болса, жұбайының тапсырмасын жеңілдетпес үшін, арнайы салмақ қосқыш құралдар беріледі. Жыл сайынғы чемпионат кішкентай ғана Сонкаярви қаласында өтеді.

7. Бузкаши. Бұл спорт түрі Ауғанстаннан келген екен. Дәл қазақтың көкпары сияқты. Тартысқа салатын басты нәрсе - жануарлардың денесі (қой, бұзау, т.б.). Бузкаши ойыны соңғы 8 ғасыр бойына ойнатылып келеді. Әр сайысқа ойыншылар ерекше дайындалады. Ал жылқыны жаттықтыруға үш жылдай уақыт кетеді. Ұтқан топқа ақшалай сыйлықтар мен қару-жарақтар сыйға тартылады.

8. Жылқымен жарыс. Бұл жарыс өзге ат жарыстарынан ерекше. Өйткені атқа мініп емес, аттың өзін басып озу керек. Аталмыш сайыс 1980 жылдан бері дәстүрлі түрде Ұлыбританияда өткізіліп отырады. Сол кезде Гордон Грин атты ауқатты жер иеленушісі алғашқы “Man versus Horse” атты марафонды бастаған болатын. Жүгіру алаңы, расында, марафондық (22 миль немесе 42 км). Тау мен қыраттардан, шалшық су мен балшықты жерлерден жалғыз өзіңіз немесе топпен жүгіріп өте аласыз. Әрине, жылқыны адам басқарып отырады. Ал қатысушылар атпен қатар жүгіруге тиіс. Ойынның пайда болғанына 25 жыл болғанда ғана жеңімпаз ат емес, адам болды. Сол жеңімпаз сыйлық ретінде 25 мың фунт ақшалай сыйлыққа ие болыпты.

9. Кабадди. Кабадди ойындары Үндістан, Пәкістан мен Бангладеште ұйымдастырылады. Алаңға екі топ шығып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ереже бойынша өзің ұсталып қалмай, қарсылас топтың ойыншыларына қолыңды тигізіп, дауыстап “кабадди” деп айту керек.

  •  2694