Желілер жарысы

19.01.2018

Әлемдік алыптардың үнсіз соғыс қалай жүріп жатыр? Тең құқылы соғыс па, әлде жай ғана келіспеушілік пе? Бірге түсініп көрейік. Осыдан, көптеген жылдар бұрын бұл екі алпауыт арасында қақтығыстар байқалған. Аналитиктер сараптама жасап, екі компания арасындағы жанжалдың өшкен отын тұтатты. Компаниялар арасындағы жанжалдың шығу себебінің бірі – Google+ желісінің шығуы. Бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желісінің бұрынғы қызметкері Антонио Гарсиа Мартинес өзінің кітабында жазды.

 

2011 жылы Google компаниясы Facebook-ке қарсылас ретінде өзінің  әлеуметтік желіге тән Google+ өнімін ұсынған болатын. Бұл Google тарапынан жасалған бірден-бір ұтымды қадам болды. Себебі бұл жолы жаңадан іске қосылған әлеуметтік желі өзімен бірге басқа да адамға қолдануға ыңғайлы желілер мен интерфейстерді өзіне қосты. Оның ішіне Gmail, Youtube, Google drive және басқа да желілер қосылды. Бұл Facebook үшін үлкен соққы болды және өзінің қолданушыларын жоғалтудағы ең үлкен қауіп еді.

“Бұл желі барлық бүгі-шүгесіне дейін ойластырылған дайын өнім болды. Онда суретшілерге керекті сақтау мекені, суреттерді өндеу, желінің дизайны өте минималисттік болды және қолданысқа ыңғайлы. Ал, ең бастысы онда жаранама болмады. Себебі Google-дің керекті қаражатты  AdWords арқылы алуға мүмкіндігі болды. Қатыгез монополист тактикасы!”

- деп жазады Мартинес Facebook компаниясының бұрынғы қызметкері. 2012 жылдың қыркүйек айында Google компаниясы өзінің жаңартылған статистикасын ұсынған болатын. Статистикаға сәйкес әлеуметтік желіге  400 миллион қолданушы тіркеліп, 100 миллионы желінің белсенді қолданушылары болған. Facebook болса, 100 миллион қолданушы нәтижесіне жету үшін өзінің 4 жылдық уақытын жұмсады. Ал қарсыластарына бұл көрсеткішке жету үшін не бәрі бір жыл қажет болды. Facebook әлемінде үлкен дүрбелең көтеріле бастады. Егер де дәл қазір бұндай қарсыласқа жауап қайтарылмайтан болса, компания құлдырауға кетіп, өзінің қолданушыларын жоғалтуға бет бұрар еді.

Мартинес естеліктеріне көз жүгіртсек, компания ішінде “SOS” тетігі басылып, Марктің жеке қадағалауымен үлкен жұмыс басталды. Дизайнерлерге жаңадан шыққан желінің жобасын зерттеуге арнайы уақыт берілді. Ал  қызметкерлерге бұл мәселе толық шешіліп бітпейінше компания аймағынан шығуға тыйым салынды. Facebook үлкен түсініксіз жағдайға дұшар болды. Уақыт өткен сайын Google+ желісінің аздаған уақытта расында да осыншама қолданушы жинауына қатысты күдіктер пайда бола бастады. Компания басқаларды және өзің алдағаны мәлім болды. Сауалнама бойынша желі қолданушыларының саны статистикада көрсетілгеннің жарты пайызына да жетпеген. Google компаниясынын директоры Ларри Пейдж бұл идеяны Microsoft компаниясындағы экс-топ менеджерінен Вик Гундотрда алғаны жиі айтылады. Ол өз кезегінде Facebook-ке қатысты өз ойын да білдірді.

“ Желілер- нетворкинг үшін, ал “араласатын аймақ” (мұндағы: circle)- жақын адамдармен байланыста болу үшін керек”

2014 жылы Гундотра өзінің жұмыстан кететіндігін жария етеді. Артынша Google  өзінің қарсыласымен тең келе алмайтынын мойындап, жарыстан шығады. Осымен соғыс аяқталды деп есептеуге болатын кезде, Google жаңадан күш жинап, енді жаңа серпінмен өзінің алпауыт қарсыласына жаңа тосын сыйлар дайындаған еді. 2017 жылдың өзінде компания:

  • Өзінің мобильді қондырғысын жаңалағаны соншалықты, тек зағип қана Facebook лентасына қатты ұқсастықты байқамайтындай дәрежеге жеткізді.

  • SOS ескертпелерін енгізді. Facebook бұл жаңалауды тек 2014 жылы ғана жасады. 

  • Өзінің барлық қолданушыларын PC-нұсқадағы өнімдерін жазып алуға мүмкіндік беретіні туралы хаттарды жіберумен айналысуды бастады. Дәл осы жұмысының нәтижесінде 2016 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 2017 жылы қолданушылар саны 40% пайызға өсті. Яғни, 700 миллион қолданушыға жетті.

  • Онымен қоса өзінің қарсыласына қарағанда Google басқа желілер, платформалармен белсенді синергия жүргізуде. Ол өзінің қарамағына көптеген керекті арналарды шоғырландыруын қамтамасыз етті.

Сөзсіз, Google адамзат үшін ең үздік іздеу және үйрену аймағы. Алайда өзінің қарсыласының дәрежесіне желі бойынша жету бұл компанияға өте қиын болмақ.  Facebook желісінде мобильді жарнама бойынша компания табысы 53%-дан 87%-ға өскен. Қолданушы саны бойынша да, табысы жағынан да, танымалдылығы жағынан да Facebook алда тұр. Google бүгінде тек бір Youtube арқылы көпшілікті өзіне байлауда. Дегенмен, қарсыласы да қарап қалып жатқан жоқ. Қазір Facebook бұл саланы жаңадан зеррттеп жатыр. Кім білсін бұл жарыс нәтижесінде Facebook тарапынан Youtube альтернативасы пайда болатын шығар..?

 

  •  383